Шу қаласының бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы жамағатқа зайырлылық ұғымын түсіндірді.
Зайырлы сөзі араб тіліндегі «заһир» сөзінен туындаған. Яғни сыртқы көрініс, ұстаным, бейтараптылық дегенді білдіреді.
Діннің үкімдері мен талаптарына қарсы қоюға тырысып түсінбестік тудырушылар өз кезегінде діндарларды мемлекетке қарсы қоюға талаптануда. Алайда, елімізде дін және діни конфессиялар, олардың талаптары көп, ал құқық, заң, мемлекеттік талап біреу. Осыған баса назар аударуы керектігін айтып өтті.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы: «Біз тегіміз-түрік, дініміз - Ислам екенін ұмытпауымыз керек. Ол үшін қасиетті кітап - Құран Кәрімді насихаттауымыз керек» дейді ғой. Демек, мемлекет қандай да бір дінге басымдық бермегенімен мемлекетті құрушы ұлт ретінде мұсылманшылықты да жоққа шығармаймыз.
Құран Кәрімде: Ата-аналарыңмен, туған-туысқандарыңмен, жетімдермен, қамқорлық қажет болған адамдармен, алыс-жақын көршілеріңмен, достарыңмен, қол астындағы қызметкерлеріңмен жақсы мәміледе болыңдар!» (Ниса сүресі, 36 аят) Пайғамбарымыз көрші хақы туралы хадисінде: «Егер көршің басқа дін өкілі болса онда бір хақысы бар (көрші ақысы) бар, егер ол мұсылман болса онда екі ақысы бар (әрі көрші хақысы әрі мұсылман бауырыңның хақысы), ал көршің әрі мұсылман әрі туыс болса онда үш ақысы бар» деген ғой. Сондықтан өзге дін өкілдерінің сеніміне, ұстанымына құрметпен қарауды пайғамбар сүннетінен таба аламыз. Зайырлылық қағидаларының бірі әрі бірегейі осы.
Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.