Жамбыл облысы, Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Азизов Рамиз қажы Жамбыл облысы әкімдігі Дін проблемаларын зерттеу орталығы инспекторлары Б.Бекмолдаев пен Б.Құлназаров Байзақ ауданына қарасты мешіттердің тазалығы мен камераларын тексеру мақсатында зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Ауданның бас имамы әрбір мешіт имамдарымен жеке сұхбаттасып, пандемия кезінде жамағат намаз оқығанда арақашықтықты сақтау, мешіттің таза болуы, мешітте өзге дін өкілдерінің кітаптары болмауы, теріс ағымды насихаттайтын діни кітаптардың болмауы, мешіт бейнебақылауларының істеп тұруы, жұма намазы және бес уақыт намазда мешітті дезинфекциялау, мешіт ауласының таза болуы, дәретхананың жылы сумен қамтылуы сынды мәселелер бойынша тапсырма жүктелді.
Сондай-ақ бас имам пандемия кезінде Рамазан айында жақсы нәтиже көрсеткені үшін имамдарға алғыс білдірді.
Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі