Шу қаласының бас имамы Қуат Дүйсенбайұлы «Жәми» мешітінің жамағатына Ихсан ілімі турасында насихат жүргізді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) мүбәрак хадисінде: «Кісі сүйгенімен бірге»-деген. Яғни адам баласы оның ішінде мұсылман адам жақсылармен бірге болып, жақсылардың қатарынан болуға тырысып бағады. Адам жақсымен жолдас болса жақсылыққа жетері сөзсіз, қазақта «Жақсымен жолдас болсаң жетесің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң қаларсың ұятқа» деп, бекерге айтпаған, немесе «Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат» дейді.
Ихсан ілімі жақсы тақуа жандардың жанынан табылып мұратқа жеткізетін жол екендігі түсіндірілді.
Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.