Аллаһ разылығы

Аллаһ разылығы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аллаһу Тағала Мұса алейһиссаламнан «Мен үшін не істедің?» деп сұрағанда ол: «Ей, Раббым! Сен үшін намаз оқыдым, ораза тұттым, зекет бердім, есіміңді көп зікір еттім» – дейді. Аллаһу Тағала бұйырады: «Ей, Мұса! Намаздарың – саған дәлел. Тұтқан оразаларың – тозақтан қоғаныс, зекет – қияметтің ыстығынан қоғайтын көлеңке. Менің атымды зікір етуің – қабір мене қиямет қараңғылығынан құтқаратын нұр. Яғни, бұлардың пайдасы саған тиеді. Мен үшін не істедің?» Мұса алейһиссалам: Ей, Раббым! Сен үшін не істейтінімді айтшы!» деп жалбарынады. Аллаһу Тағала «Ей, Мұса! Достарымды Мен үшін жақсы көрдің бе? Дұшпандарыма Мен үшін дұшпандық еттің бе?» деді. Мұса алейһиссалам Аллаһ үшін жасалатын істің Оның достарын ұнату, дұшпандарына қарсы тұру екендігін түсінді.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) бұйырады: «Иманның негізі және ең күшті белгісі – мұсылмандарды сүю және мұсылмандарға дұшпандық еткендерге қарсы болу». Аллаһу Тағала Иса алейһиссаламға бұйырады: «Жер мен көктегі барлық жаратылғандардың құлшылығын жасасаң да менің достарымды сүйіп, дұшпандарыма қарсы келмейінше, ғибадаттың ешқандай пайдасы жоқ».

Барлық нәрсені тек Аллаһтың разылығы үшін жасау «Ихлас» (ықылас) деп аталады. Ықыласты мұсылман барлық жақсы әрекеттерді, ізгі істерді, ғибадаттармен қайырылымдықтарды, мұсылмандарды қуантуды тек Аллаһтың разылығы үшін ғана жасайды. Жақсы мұсылман Аллаһу Тағаланың көрсеткен тағдырына ризалық білдіреді. Жаман адамдар болса, тағдырға разы болмай, қиын жағдайға тап болғанда, у-шу шығарады. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: