Қордай аудандық мешітінде өңірден оқу орындарына барып, діни білім алып жатқан азаматтарға қаржылай қолдау көрсетілді.
Атап айтсақ, "Һибатулла Тарази" медресе-колледжінде оқитын 1 шәкіртке, "Нұр Мүбәрак" Университетінде білім алып жатқан 2 студентке әрқайсысына 50 мың теңгеден 150 000 теңге табысталды.
Алла Тағала: «Білетіндер мен білмейтіндер бірдей бола ма?» – деп білім иелерін ардақтайды («Зумар» сүресі, 9). Алла жолында білім алып жатқан студенттерге жағдай жасау ұнамды амалдардан.
Осындай құрметке шын разы болған жастар мешіт имамдарына алғысын білдірді.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі