Тараз қаласы имамдары мұсылман мерекесінен болған айт күніне орай мұқтаж кісілерге қайырымдылық ретінде айттық таратты. Қараушысынан айрылған жағдайы төмен отбасыларды жылына бір келетін мейрамда мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында қалалық мешіттерде от жағылып, тамақ пісіріліп, 150 отбасына палау, 157 отбасына азық-түліктей жәрдем жіберілген болса кей отбасыларға еттей және қаржылай көмек көрсетілді. Сонымен қоса қала жастары жолдан өткен жолаушыларға құрма таратып, мерекелерімен құттықтады.
Анастан (р.а) жеткен хадисте «Алла Елшісі (с.а.у.) Мәдинаға келгенде, олардың екi мерекесi болатын. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Бұл қандай күндер?», – деп сұрағанда: «Жаһилия дәуiрiнде ол күндердi ойын-күлкiмен өткiзетiн едiк», – дедi. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Алла Тағала осы екi күндi олардан да жақсы Құрбан және Ораза айт күндерiмен алмастырды», – дедi.
Қасиетті болған ораза айт мерекеміз құтты болсын!
"Кеңесхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі