ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының ұйытқы болуымен 8 отбасыға көмек көрсетілді.
Сектор жетекшісі Гүлжан Серікқызының қатысуымен жалғызбасты аналарға азық-түлік таратылды. "Әйелдер жамағатымен байланыста болу, қыз-келіншектерге білім, кеңес, бағыт-бағдар беру, әсіресе діни тұрғыда, шариғат шеңберіндегі білімдерін дамытуға атсалысу - біздің басты мақсатымыз" - дейді ұстаз.
Тұрмыс қысқан кезде жәрдемші болып табыла кеткен Алла үйінің қызметкерлеріне аналар шын алғыстарын жеткізді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі