Жамбыл ауданының бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы Бесағаш ауылында болып қайтты. Мешіт жанынан құрбандық шалынатын бастырма, құдайы асқа берілетін ыдыс-аяқтар мен қазан-ошақ, үстелімен тұратын жеке-жеке бастырмалар және заман талабына сай дәретхана соғылуда.
Құрылысты жүргізіп жатқан мектеп бітіргеніне 10-20 жыл болған түлектер аудан имамымен жолықты. Аудан имамы түлектерге жүрекжарды тілегін айтып, ауыл имамы Айтжан Керимов атқарған іс-шараларды таныстырды.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі