Жуалы: Қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің көресің» акциясы өтті

Жуалы: Қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің көресің» акциясы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы  ауылы  аудандық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінің ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының соңғы күндерінде ҚМДБ-ның «Қайырымдылық жасасаң-қайырын өзің көресің» атты акциясы болып өтті.

Мешіт бас  имамы Нұрлан Амирбаев және  алқа мүшелері ораза  айында түскен пітір-садақаның есебінен жағдайы төмен, көпбалалы 10 отбасыға  азық-түліктей  көмек берді. Әрбір отбасыға 10 000  теңгеден, жалпы 100 000 теңге қаражат жұмсалды. Көмек алған отбасылар ауыл мешітіне  өз алғыстары мен ризашылығын білдірді.

Қошқарата ауылдық мешіті 10 жанұяға 1 қап ұннан, 5 кг күріштен, 1 шиіт майдан үлестіріп, жалпы 100 000 теңге қаражат жұмсады.

"Көлбастау" мешіті пітірден жағдайы өте төмен, мұқтаж отбасына  қаржылай  35 000 теңге берді "Көлбастау"мешіті ораза айының соңғы куніне орай 5 отбасына қайырымдылық жасалды. Шараға 58 800 теңге жұмсалды. Жалпы 93 800 теңгені құрады.

"Нұрлыкент" мешіті 20 отбасыга азық-түліктей көмек таратты және кілем, төсек, ыдыс-аяқ жеткізді. Шараға 200 000 теңге қаражат жұмсалды.

 Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: