Рамазан айының соңғы жұлдызында Шу аудандық "Төле би" мешітінде 3 отбасыға 3 ірі қара малы зекет берілді.
Исламның бес парызының бірі ол зекет екені баршамызға мәлім. Дүние мүлкі нисапқа келген пендеге, Алла елшісі (с.а.у.) зекетті дереу ұзатуын тапсырған. Шу ауданында дін мамандарының ұйытқы болуымен көп деген кәсіпкер азаматтар зекет малын берген болатын. Соның бір дәлелі аудан имамы Аят қажы Дыбысұлы кәсіпкер азаматтарды басын құрып, 3 отбасыға 3 ірі қара мал зекет берілді.
Аталмыш отбасыларды аралап, малды иесіне тапсырған аудан имамы Аят қажы Дыбысұлы қадам басқалы тұрған Ораза айт мейрамымен құттықтап, өз алдына ыстық лебізін жеткізді.
Талғат Кәрібайұлы
Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі