#Шу ауданы: Зекет малын тарату жалғасын тапты

#Шу ауданы: Зекет малын тарату жалғасын тапты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық "Төле би" мешітіне қарасты Ақтөбе ауылы, Жылғабек мешітінің молдасы Әбусейт Қоспановтың бастамасымен, ауылда тұратын малдары нисап мөлшерге жеткен, бай-бақуатты кісілер Әбусейт молданың айтқанын құп алып, 8 сиыр және 28 қой малын зекетке табыстады.

Ауыл молдасы малдарды жағдайлары төмен 10 отбасыға жеткізді. Зекет малына ие болған жандар, қуанышын жасыра алмай көздеріне жас алып, мал иелерінің кәсіптеріне береке тілеп, Абусейт молдаға рахметін жаудырды.

Алдағы уақытта осындай игі іс-шара кең көлемде өтеді деген сенімдеміз. Алла садақаларын қабыл еткей.

Талғат Кәрібайұлы

Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: