Шу ауданының бас имамы Аят қажы Дыбысұлы кәсіпкер азаматтардың демеушілігімен, Ораза айтқа орай, мешіт алаңында 10 отбасыға қайырымдылық науқанын ұйымдастырды.
Аудан имамы Аят қажы Дыбысұлы мешітке келген мұқтаж отбасыларға қайырымдылық себеттерін беріп, сынаққа сабыр жайында өсиетін айтты. Тұрғындар ризашылығын айтса, аудан имамы Аят қажы Дыбысұлы келе жатқан Ораза айт мейрамымен құттықтады. Қайырымдылыққа жұмысалған қаражат 100.000 теңгені қамтыды.
Белбасар ауылы "Хати Сауранбайұлы" мешітінің имамы Исаков Данияр аталмыш шараға өз үлесін қосып, кәсіпкер азаматтың демеушілігімен 1 өгіз сойып, еттерін мұқтаж болған 11 отбасыға таратты. Өгіз құны 325.000 тг.
Сонымен қатар, Балуан Шолақ ауылы "Қойайдар" мешітінің имамы Смайыл Аян болса, мешітке келуші жамағаттармен бірлесе отыра, ауылда тұратын аз қамтылған 25 отбасылардың үйлерін аралап, қап толы айттықты табыстады. Қайырымдылыққа жұмысаған қаражаты 125.000 теңгені құрады.
Қайырымдылық науқанына 550.000 тг қамтыды. Дін мамандарына дән риза болған мұқтаж жандар, баталарын жаудырды.
Талғат Кәрібайұлы
Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі