Бүгін Шу ауданының бас имамы Аят қажы Дыбысұлының ұйытқы болуымен, ауданда дін мамандары «Қайырым қылсаң қайырын өзің көресің» атты акцияға атсалысып, қайырымдылық науқанын жасады.
Атап айтатын болсақ, Шу аудандық "Төле би" мешітінің алаңында, аудан имамы Аят қажы Дыбысұлының ұйымдастыруымен, кезектері жеткен 10 мұқтаж отбасыларды шақыртып, 2 қой сойылып, еті мен қап толы азық-түлікті үлестірді. Мешітке келген мұқтаж кісілер аудан имамына алғыстарын жаудырып, ризалықтарын жеткізді. Қайырымдылық науқанына жұмысалған қаражат 200.000 теңгені құрады.
Аудандық мешітке қарасты алға ауылдық округі, "Аманкелді" мешітінің молдасы Абдрайымов Әбубакр ауылда тұратын жағдайы төмен 5 отбасыға күнделікті тұтынатын қажетті азық-түлік үлестірді. Қайырымдылыққа жұмысалған қаражаты 75.000 тг құрады.
Жайсан ауылы, "Жаңабай баба" мешітінің молдасы Сисенов Қыдырбай ақсақал, аз қамтылған отбсылар және көпбалалы аналардың үйлерін аралап, дайындаған қайырымдылық себеттерін таратып, Құран оқып, батасын қылды. Аталмыш шараға 160.000 теңге жұмысады.
Тасөткел ауылы "Тасөткел" мешітінің молдасы Балқыбаев Абдықадір аға мешіт ауласында 1 қой сойып, етін мұқтаж деген 5 отбасыға үлестірді. Мал бағасы 90.000 тг.
Осындай игі іс шараға жалпы 525.000 тг жұмысалды. Алла ізгі амалдарын қабыл еткей әмин.
Талғат Кәрібайұлы
Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі