Жамбыл жұртшылығы ораза айт намазын оқыды

Жамбыл жұртшылығы ораза айт намазын оқыды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Жамбыл облысының мешіттерінде айт намазы оқылды. ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде өткен мерекелік айт намазына қатысып, жамағатты ұлық мерекемен құттықтады.

Санитарлық нормаларға сай намаз мешіт ауласында, арақашықтықты сақтай отырып жүргізілді. 

Ораза айты — бір ай оразаны аман-есен аяқтағаннан кейін, бейне осыған шүкіршілік іспетті илаһи шуағы мол мереке. Ай бойы Алланың разылығы үшін ашқұрсақ жүріп, көзді харамнан, құлақты өсек тыңдаудан, тілді ғайбат сөйлеуден тыйып, көңіл айдынын хақ дариясымен суарып, жүректі ақиқат сырларына малындырып, адамзат баласы «мумин» мақамына көтеріледі. 

Алла елшісі (с.ғ.с.) айтты: «Расында, Алла сендерге ол екеуін одан жақсымен алмастырып берді: құрбандық күні және ораза айты күні». (Әбу Дәуід).

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітнің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: