#Тараз: Тараз қалалық 4-аймақ мешіттері қадір түні қарсаңында 180 адамға ауызашар қоржынын таратты

#Тараз: Тараз қалалық 4-аймақ мешіттері қадір түні қарсаңында 180 адамға ауызашар қоржынын таратты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Түндердің сұлтаны қасиетті қадір түні қарсаңында Тараз қаласында орналасқан 4-аймақ мешіттері 180 адамға ауызашар қоржынын таратты.

Ыстық тамағы, ас-суы, құрмасы мен тәттісі бар пакеттерді дін мамандары қала жұртшылығына тараптып, тіпті кей отбасылар мен мұқтаждардың үйді-үйіне жеткізіп берді.   

Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде кім бұл айда аузы берік бір адамға ауызашар берсе, күнәлары кешіріледі. Сол аузы берік адамның алған сауабындай сауап бұған да беріледі» - деген. Осы игілікке атсалысқан барша жандардың амалы қабыл болсын дейді мешіт имамдары. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: