Бұл жерде ата-аналарға да айтарымыз, балаңызды өзгенің баласымен салыстырып, ұрысып, зекуден абай болыңыз. Емтиханнан құласа да, мейіріммен сүйіспеншіліктен құлаған жоқ қой. Басқа да тірлік жолдарын қарастырып, өзге де жұмыс бабын табуына сіздердің де жауапкершілік борыштарыңыз бар. Сол жастарға айтарымыз, болашақ тек осы бір тестпен өлшенбейді. Алда талай қайырлы істер күтіп тұрғанда болуы керек. Заманның қарыштап дамыған, аса ауытпалы заманында, небір дәу толқындар адамзат баласының алдынан жолықпай қоймайды. Адам әрқандай қиыншылықты жеңу үшін, бастысы өн бойында сабырлық болғаны жақсы. Қиындықсыз бақытқа жетемін деп ойлаудың өзі күпірлік. Пенде болғасын ыстық пен суық тұрмыста алма-кезек жолығып тұрады.
Жас жеткіншектердің өздеріне қол жұмсауы бүкіл қоғамды алаңдатып отыр. Ұлтымыздың зиялы қауым өкілдері де, қанша мәрте, бұқаралық ақпарт құралдары арқылы өздерінің ойларын ойға салып, пікір бөлісу арқылы аяушылық танытып жүр. Осындай ауыр жағдай тек біздің елде ғана емес, бүкіл дүние жүзінде соңғы жарты ғасырда белең алу жиілеген. Ғалымдар сөзіне жүгінсек статистика бойынша, әлемде жыл сайын шамамен бір миллиондай адам өз-өзіне қол жұмсап, 20 миллиондай адам өзін-өзі өлтіруге әрекет жасайтын көрінеді. Тіпті, әр 40 секунд сайын бір кісі өз жанын өзі қиюда деген дерек те бар. Ал Қазақстан өкінішке қарай, өзін өзі өлтірушілердің жалпы саны жағынан әлемде үшінші орынға, тіпті қыз балалар жағынан бірінші орынға шыққаны қандай аянышты жағдай! Бұл нұрлы болашаққа нық қадам басамыз деген еліміздің еңсесін ауыртатын мәселе.
Қасиетті Құранда: «...Өздеріңді өлтірмеңдер. Расында, Алла сендерге ерекше мейірімді» («Ниса» сүресі, 29-аят), - делінген. Жаратушы осылай қатаң ескертеді. Бұндай өзіне қол жұмсауда, Алланың берген өмірін бағаламай, жазымышына қарсы шығуда мұсылман баласына кешірілмес ауыр күнә болып есептеледі. Күллі ғаламның рахыметіне жіберілген, соңғы сүйікті Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисінде, үмбеттеріне «Кімде-кім өзін-өзі қандайда бір темірмен өлтірсе, жәһаннамда қолына темір алып мәңгі бақи өзін өзі түйреумен болады. Ал кімде-кім у ішіп өлсе, жәһаннам отында мәңгілік у ішумен қалады. Ал кім өзін таудан тастап өлтірсе, жәһаннамда да өзін мәңгі отқа лақтырып тұрады», - деп өсиет қалдыруының да сыры, бүгінгі таңда болып жатқан осы бір кесірдің алдын алып, адамзат баласын тұтас жақсылыққа шақырып, бақытты ғұмыр кешіруі керектігін ескертеді. Адам баласын қандай да бір қиындықтан құтқаратын күш болса, ол - сенім, сенім дегеніміз - иман. Иман адам баласының иммунитеті. Осы иман адам баласының жүрегінде болмаса, Адамның аңсаған бақытының құны да шамалы болмақ. Иманды жанның бұл дүниедегі тартқан тауқымет азаптары ертеңгі ана өмірде мәңгілік бақытқа айырбасталатыны. Мұндай сүйінші хабар, Пайғамбарымыздың хадистерінде білдірілген. Адам баласының бұл дүниеде қиындықтарға жолығуы да өзінің басқан әрбір қадамына байланысты. Жаратқан сүйген құлдарына кейде ауырлықтарды беріп сынап отырады. Оған иман тұрғысынан қарауымыз керек. Өйткені Алла тағала жай адамға ғана емес, барша пайғамбарларға да небір адам төзгісіз сынақтар берген. Сол үшін мәнді де мағыналы ғүмыр кешудің жолы тек имандылықта, құлшылық дұрысталмай, тіршілік оңалмас болар.
Данияр Жұмабаев,
ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі,
«Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы.