9 мамыр - Жеңіс күні мерекесінде Әлжан ана ауылдық "Құдайберген" мешітінің имамы Саламат Аманбаев тыл ардагерлеріне құрмет көрсетіп, төл мерекелерімен құтықтап қайтты.
Ақ білектің күшімен отан үшін отқа түсіп, қасық қаны қалғанша беріспей күрескен бабалар рухына дұға жасап, қиын-қыстау уақытта барын салып еңбек еткен қарияларға шын жүректен алғысын жеткізді.
Тұрғындармен бірге ескерткіш алдында марқұмдарға құран оқып, сауабын бағыштап, ардагерлерге мешіт атынан сыйлық тарту етті. Қариялар көрсетілген құрметке алғыс білдіріп, ел амандығын тілеп бата берді.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі