#Қордай: Қадір түні онлайн Құран хатым дұғасы жасалды

#Қордай: Қадір түні онлайн Құран хатым дұғасы жасалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауабы 83 жылға тең келген қасиетті қадір кешінде Қордай аудандық мешіті инстаграм әлеуметтік желісі арқылы жамағатпен тікелей байланыста болды. 

Эфирде Рамазан айы келісімен басталып кеткен онлайн Құран хатымының дұғасы жасалып, жамағатпен бірге имамдар қол жайып еліміз, ислам дініміз үшін Жаратушыдан тілек тіледі. 

Ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлы бастаған аудан имамдары кезекпен насихат айтып, көпшіліктің көкейкесті сауалдарына жауаптар берілді. 

Қадір түнінің қасиеті, оны сауапты өткізу жолы, сонымен қатар қоғамдағы шариғат төңірегіндегі сұрақтар талқыланды. 

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: