Қордай ауданында "9 мамыр - Жеңіс күні" мерекелік іс-шарасы өтті. Аталған жиынға аудан имамы Асқар Зәкіржанұлы арнайы қатысып қайтты.
Шара барысында сөз сөйлеп, бабалардың ерлігіне, асқақ рухына, Отаны үшін жасаған жақсылығына тоқталып, ыстық лебізін жеткізді.
Аудан ардагерлері де ортада сөз сөйлеп, келер ұрпаққа бүгінгі ерлік тарих, бейбітшілігіміз аманат екенін атап өтті. Көпшілікті мерекемен құттықтған аудан имамы боздақтар ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі