Т. Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мештінің бас имамы Сұлтаншарип қажының бастамасымен жергілікті жомарт жігіттердің қолдауымен қасиетті Қадір түні қарсаңында ауызашар пакеттері таратылды.
Ауызашар пакеттері ораза ұстаған кісілерге берілді. Кімде-кім қадір түнінде бір жақсылық жасайтын болса, 83 жыл бойы жасаған жақсылықпен тең болады. Қасиетті айда және қасиетті түнде жасаған қайырымдылықтарын Алла қабыл етсін!
Т.Рысқұлов аудандық мешітінің баспасөз қызметі