#ТАРАЗ: Қала имамдары Ұлы Отан соғысы батырларына Құран бағыштады

#ТАРАЗ: Қала имамдары Ұлы Отан соғысы батырларына Құран бағыштады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Тараз қалалық орталық «Кеңесхан қажы» мешіті имамдары Ұлы Отан соғысында ел үшін қаза тапқан бабаларымыздың рухына Құран бағыштады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадисінде: «Дұшпанмен бетпе-бет келуді тілемеңдер. Алайда дұшпанмен бетпе-бет келе қалсаңдар, сабыр етіп, табандылық танытыңдар» деп бұйырады. Елім-жерім, ұрпағым деп аянбай жауға қарсы тұрған бабаларымыздан Алла разы болып, жәннатын нәсіп етсін!

Қазақстаннан 1941-1945 жылдардағы қанды қырғынға 1,5 миллион ұл мен қыз аттаныпты. 600 мыңнан астам қазақстандық бұл соғыстан оралмады. 500-ден астамы елге Батыр атанып, аңызға айнала оралды. Жалпы Ұлы Отан соғысында 497 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды. 1990 жылы 11 желтоқсанда соңғы Кеңес Одағының Батыры атағы қолбасшы Бауыржан Момышұлына берілді. Төрт қазақстандық Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов және Сергей Луганский 2 мәрте Кеңес Одағының Батыры атанды. Ұрыс кезінде қаза тапқан пулеметші Мәншүк Мәметова және мерген Әлия Молдағұлова Батыр атағын алды. Соғыста 110 қазақстандық Даңқ орденінің толық иегері болды. 

 "Кеңесхан қажы" мешінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: