Жуалы аудандық мешітінде қасиетті қадір түнінің қарсаңында 5 отбасыға азық-түлік пен қой еті үлестірілді және 2 отбасыға 5 000 теңгеден ақшалай көмек берілді. Шараға жалпы қаражаты - 70 000 теңге.
Ауданның бас имамы Нұрлан Жұмакерімұлының қатысуымен өткен аталмыш науқанда отбасыларға азық-түліктей көмек көрсетіліп, пітір-садақа ақшасы таратылды.
"Шыңбұлақ" мешіті аз қамтылған отбасыға қайырымдылық көмек ретінде азық-түлік берді. Жұмсалған қаражат - 10 мың теңге.
Дихан ауылында Сейсенұлы Еркебұлан есімді азамат 3 үйге азық-түлік таратып берді. Жалпы сомасы 55000 мың теңге. Ал "Қайрат" мешітінен кәсіпкер ініміз 7 отбасыға 70 000 теңгеге азық-түлік беріп көмектесті.
"Билікөл" мешітінің жамағаты екі отбасына демеуші арқылы 30 000 теңгеге қайырымдылық берді.
"Құлбайымбет" мешіті кәсіпкерлер арқылы 1 бас ірі қара мал, 5 бас қой зекеттерін мұқтаж 3 отбасыларға таратып берді. Жалпы жұмсалған қаражат 370 000 теңгені құрады.
Қарасаз ауылының мешітінен демеуші арқылы 15 үйге садақа берілді. Қаражаты - 147 000 теңге. Қадір түні қарсаңында жасалған шаралардың жалпы жұмсалған қаражат мөлшері 782 000 теңгені құрады.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі