Бүгін Шу аудандық «Төле би» мешітіне қарасты, Жиенбет ауылы, Жиенбет-Жексенбай мешітінің имамы Бердібеков Шүкірәлі Оспанбекұлы мешіт алаңында тағы бір қайырымдылық науқанын ұйымдастырды.
Аталмыш шараға 4 қой сойылып, еті 26 отбасыға таратылды. Сонымен қатар, ауыз бекіткен 7 кісіге ауызашар себеттері берілді. Қайырымдылық науқанына куәгер болған қалталы азаматтар Рамазан айында кең көлемде қайрымдылық дорбасын жасап, көпшілікке тарату ниеттерін жеткізді. Сөздерін құп алған Шүкірәлі имам мешітте тізімде тұрған, жағдайы төмен отбасылардың тізімімен таныстырды. Қайырымдылық науқанына жұмысалған қаражат 270.000 теңгені қамтыды.
Талғат Кәрібайұлы
Шу аудандық «Төле би» мешітінің баспасөз қызметі