Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын дегендей, Жаңа жол ауылы "Күнту баба" мешітінің имамы Берік Әуесбаев ауылда тұратын 15 отбасыға ауызашар себеттерін жасап таратты.
Аталмыш шараға, ауылда тұратын кәсіпкер азаматтар 3 қой сойса, мешіт жамағаттарының ат салысуымен 50.000 теңгеге азық-түлік алынды. Ет пен азық-түлікті 15 пакетке салып, ораза ұстаған жандарға үлестірді.
"Ауыз аштыруға себепкер болған азааттарымызға Алла разы болсын, кәсіптеріне береке, істеріне сәттілік" деп батасын берген әріптесіміз, алдағы уақытта қайырымдылық науқанын өткізу жоспарда бар екендігін айтты.
Қап толы азық-түлікті арқалап қайтқан тұрғындар баталарын аямады. Аталмыш шараға жұмысалған қаражат 230.000 теңгені қамтыды.
Талғат Кәрібайұлы
Шу аудандық «Төле би» мешітінің баспасөз қызметі