#Шу ауданының әкімі 50 кісіге ауызашар себеттерін таратты

#Шу ауданының әкімі 50 кісіге ауызашар себеттерін таратты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айының құрметіне мұсылмен елдеріндегі жыл санау жүйесі бойынша әр жылы діни мерекелері әр күнге түсіп отырады.

Осы орайда ҚМДБ-ның бекіткен 2021 жылғы діни күнтізбесі бойынша сәуір айының 13-ші күнінен мамыр айының 13-і күні аралығында Қасиетті Рамазан айының ораза тұту күні бекітілген. Құран кәрімде Рамазан айы, адамзатты тура жолға бастаған, ақиқат пен жалғандықты бір-бірінен ажыратқан және тура жолға бастаушы айқын дәлелдерді қамтыған, Құран осы айда түсіріле бастаған.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде «Кімде кім Рамазан айының оразасын шын ықыласымен ұстаса оның бұрын істеген күнәлары кешіріледі» делінген. Осы қасиетті Рамазан айының құрметіне ауыз бекітіп отырған аудан жамағатына, қазіргі талаптарды ескере отырып ауызашар беріп, кешкі тарауық намазын оқу жылдағы дәстүрге айналғанына куә болып отырмыз. Осындай айтулы қайырымдылық шараға белсене атсалысып, көпшіліктің көңілінен шыққан Шу ауданы әкімі Нұржан Сәбитұлы Кәлендеров 50 кісіге ауызашар себеттерін таратып, сауапты іске атсалысты. Осындай қайырымдылық шараның басы-қасында болған Шу ауданының бас имамы Аят қажы Дыбысұлы халық атынан ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.

Талғат Кәрібайұлы

Шу аудандық «Төле би» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: