#Шу ауданы: Белбасар ауылында 8 отбасыға зекет малы берілді

#Шу ауданы: Белбасар ауылында 8 отбасыға зекет малы берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық «Төле би» мешітіне қарасты Белбасар ауылы, Хати Сауранбайұлы мешітінің имамы Данияр Исаковтың ұйымдастыруымен ауылда тұратын 8 отбасыға 8 қой зекет малы және ауызашар себеті таратылды.

Қасиетті Рамазан айында жасалған қайырымдылық науқанына тұрғындар мәз болып, имамға баталарын жаудырды. Мешіт имамы Исаков Данияр демеуші болған кәсіпкер азаматтарға алғысын айтып, Құран оқып, кәсіптеріне береке тіледі. Жалпы жұмысалған қаражат 500.000 теңгені құрады.

 Талғат Кәрібайұлы

Шу аудандық «Төле би» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: