Он екі айдың сұлтаны, қасиетті Рамазан айыныңда соңғы күндері қалды. Рамазан айының әр күні, әр уақыты қадірлі. Бір амалдың сауабы жеті жүз есеге дейін көтеріледі демей ма Алла елшісі (с.а.у.) хадисінде.
Жетім-жесірдің, ауыру-сырқат адамның қал жағдайын сұрап, мұң мұқтажын бөлісу әр біріміздің борышымыз десек артық айтқан болмаспыз.
Бүгін мың айдан да қайырлы болған Қадір түнінің құрметіне, Шу ауданының бас имамы Аят қажы Дыбысұлы, аудандық «Төле би» мешітінің ауласына мүмкіндігі шектеулі және жағдайы төмен 10 отбасыларды шақырып, қайырымдылық науқанын өткізді.
Қапқа күнделікті тұтынатын қажетті азық-түлік заттары салынған. Мешітке келген көпшілікке бас имам Аят қажы Дыбысұлы Қадір түнінің қасиеті жайында сүбелі сөзін айтып, халықты қасиетті күнмен құттықтап, Құран оқып, батасын жасады. Қайырымдылыққа жұмысалған қаражат 100.000 тг қамтыды. Аудан имамы алдағы уақытта да осындай игі шара бастау алатынын жеткізді.
Аталмыш шараға дән риза болған кісілер қуаныштарын білдіріп, рақыметтерін жаудырды.
Талғат Кәрібайұлы
Шу аудандық «Төле би» мешітінің баспасөз қызметі