#Меркі ауданы: «Рамазан керуені» марафоны жалғасуда

#Меркі ауданы: «Рамазан керуені» марафоны жалғасуда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданына қарасты ауыл мешіттері ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының құрметіне  орай  жүзеге асырылып жатқан «Рамазан керуені» қайырымдылық марафонына  белсене қатысуда.

 «Қарабала Төре» мешіті ауласында өткен аталмыш  марафонда жалпы сомасы 180 000 теңге болатын азық-түлік қоржындары 30 мұқтаж отбасыларға табысталды.

Мешіт алаңына жамағат, еріктілер мен белсенді жастар жиналып, сауапты іске бір кісідей атсалысуға асықты.

Жиналған ауыл тұрғындары мешіт қызметкерлеріне өз алғыстарын білдіріп тарқасты.

 Меркі ауданы «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: