#Қордай: Аудан әкімі 200 адамға ауызашар берді

#Қордай: Аудан әкімі 200 адамға ауызашар берді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының әкім Рүстем Рысбайұлы орталық Қордай мешітінде 2 күн бойы 200 адамға ауызашар берді. 

Ыстық тамақ, тәтті, сусын, құрмасы бар ауызашар қоржындарын дін мамандары халыққа таратып беріп, ораза айымен құттықтады. 

«Кімде-кім ораза ұстаушының аузын аштырса, ораза ұстаған адамның сауабындай сауап алады» - дейді Пайғамбарымыз (с.ғ.с). Осындай игі істе бастамашы болған аудан әкіміне тұрғындар алғыстарын жеткізді. 

Іс-шарада ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлы халықпен жүздесіп, ауызашар қоржындарын өзі табыстап, ауыз бекіткен жандарға жылы лебізін білдірді.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: