ҚМДБ–ның «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен «Берекелі Рамазан керуені» қайырымдылық марафоны Жамбыл ауданы ауыл мешіттерінде жалғасын табуда.
«Бәйдібек» және «Түркісіб» мешіттерінде қасиетті жұма күні өткен бұл іс-шарада ат салысқан барлық кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындарына және ауыл имамдарына ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы алғысын білдірді. Қайырымдылық іс-шара 25 отбасыны қамтыды. Азық–түлік отбасыларға үй-үйге жеткізіліп берілді.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі