Рамазан айы - қайырымдылық жасайтын, мұқтажға қол ұшын созып жәрдем беретін, жетімнің басынан сипап, мол сауапқа кенелетін ай.
Осы айлардың сұлтанының құрметіне Шу қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінде мұқтаж отбасыларға 4 тонна жуа, 40 отбасыға таратылды. Сауабы мол істің басында жүрген мешіт имамы Бақыт Базарбайұлына жәрдем алған отбасылар алғыстарын жеткізді.
Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі