#Шу ауданында ауызашар пакеттері таратылды

#Шу ауданында ауызашар пакеттері таратылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадисінде «Кімде кім Рамазанда ораза тұтқан кісіге ауызашар берсе, күналары кешіріледі. Ораза тұтқан кісінің сауабына тең сауап бұғанда беріледі» делінген. Ораза тұтқан кісінің аузын аштыру үлкен сауап, қайырлы іс.

Шу ауданының бас имамы Аят қажы Дыбысұлының ұйымдастыруымен, демеуші болған, қайырымды жандар аға-жеңгеміз, ораза тұтқан 30 кісіге ауызашар себеттерін үлестірді. Оның жанында, керегін алар деген ниетпен, аға-жеңгеміз 30 кісіге 2000 теңгеден таратты.

Ораза тұтқан жандар мешітке келіп, ауызашар себеттерін алып, ағамыз бен жеңгемізге рахыметін айтып, баталарын жаудырды.

Шара соңында аудан имамы Құран оқып, бата жасады.

 Талғат Кәрібайұлы

Шу аудандық «Төле би» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: