Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаевтың тапсырмасымен "Жасыл-Тараз" ұйымы облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің екі мұнарасының бояуын жаңартты.
Жасыл қаланың қақ ортасында нұрын шашып, шаһардың көркі болып тұрған Алла үйі қаланың қай тұсынан қараса да көзге алыстан шалынатын, 1500 адам намаз оқи алатын, биік те, зәулім ғимарат.
Бүгінде көк тіреген мұнарасының бояуы жаңартылып, қанық түсі ажарын аша түскен-ді.
Айта кетейік, дін ордасы мұнарасының биіктігі 35, ал күмбезінің биіктігі 27,8, шеңбері 7,8 метр.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі