#Тараз: «Жастар ісі» ұйымы қарт әжеге пәтерақысын төлеуге көмектесті

#Тараз: «Жастар ісі» ұйымы қарт әжеге пәтерақысын төлеуге көмектесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қалалық «Жастар ісі» ұйымының жетекшісі Қайырғали Бахтиярұлының ұйымдастыруымен қала жастары онкологиялық ауруға шалдыққан қарт әжейге қомақты қаржылай көмек көрсетіп, пәтерақысын төлеп берді.

Әженің қолында 5 немересі бар болғанына қарамастан өмірден үміті зор және немерелерін өзі бағып-қағып өсіруде. Қала жастары қадірлі Рамазан айында әжейдің бойына шипа тілеп, ғұмыр жасының ұзақ әрі берекелді болуына шын жүректен дұға тіледі. Бұдан әрі жақсылық жолында аянбай күш салып, тағы да көмек қолын созуға дайын екенін айтып, қуана тарқасты.

 Қасиетті Құран кәрімде Алла Тағала «Жақсылық жасауда жарысыңдар» деп мүміндерге әмір еткеніндей, қала жастары барынша Алланың разылығына жетуге, тозақтан құтылған құлдардың бірі болуға ұмтылып, ізгі істер жолында аянып қалмасы анық.

Алла тағала елімізге тыныштық, халқымызға амандық берсін. Ұстаған оразаларымызды Алла тағала қабыл етсін.

"Кеңесхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: