Рамазан айы: Облыстық мешіт 210 отбасыға 3 150 000 теңгеге көмек көрсетті

Рамазан айы: Облыстық мешіт 210 отбасыға 3 150 000 теңгеге көмек көрсетті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Айлардың сұлтаны қасиетті Рамазан айында күнделікті қайырымдылық науқандары жасалып, рахым айында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетілуде.

Осындай бір игі бастаманы облыстық "Һибатулла Тарази" мешіті рамазанның соңғы 15 күніне арнап отыр. Бүгінде 210 отбасыға азық-түлік таратылып, 3 150 000 теңге қаражат жұмсалды. 

Бұл игі шара қасиетті айдың соңына дейін жалғасын таппақ. Айта кетейік, акция аясында күнделікті 70 отбасыға қайырымдылық жасалуда. 

Алланың елшісі: «Шынында Алла мейірімді және жақсылықты жақсы көреді. Ол қаттылықпен немесе басқамен қол жеткізу мүмкін болмайтын іске, жақсылық арқылы қол жеткізуге мүмкіндік береді» - деген. Осынау жақсылық айында әдеттегіден арта түскен қайырымдылық науқанында мешіт ай соңына дейін 1000 отбасыны қамтымақ ниетте. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: