Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің наиб имамы әрі қалалық Жастар ісі ұйымының жауапты қызметкері Қайырғали Бахтиярұлы мен аталған мешіт ұстазы һәм «Әйел-қыздар» секторының қала бойынша бас маманы Жібек Болатбекқызының жетекшілігімен айлардың сұлтаны болған Рамазан айында көпшілікке арнап сыйға 30 келі құрма таратты.
Қасиетті құранда Құдай тағала «Жақсылықтың сыйы тек жақсылық қана» деген аятын өздеріне ұран еткен дін қызметкерлері ізгілік жолында аянбай тер төгіп баршаға үлгі болуда.
Раббымыз баршамызға Рамазан айының берекетін беріп, рахымына бөленіп, мейіріміне лайықты болған құлдардан болуға жазсын.
"Кеңесхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі