Тараз қаласындағы тарихы тереңге тартқан «Әбдіқадір» мешітінің кілемі ауыстырылды. Кілем жаңартуға бақуатты азаматтың демеушілігімен 1 550 000 теңге қаражат жұмсалды.
Тараз қаласында орналасқан «Әбдіқадыр» мешіті – ҚМДБ-ның филиалы облыстық Әділет басқармасынан тіркеуден өткен жәмия мешіттерінің дәрежесіндегі заңды тұлға.
1906 жылы Әбдіқадыр деген ауқатты адамның жеке қаржысына салынып, құрылысы 1912 жылы аяқталып, содан бері ел игілігіне қызмет етіп келе жатқан рухани орталық.
Мешіт жанында қыздар және ұлдар дәріс алатын үлкен медресе жұмыс істеген. Бұл мешітте 1920 жылдарға дейін мұсылман әлеміне кеңінен таныс білімдар Бұхара медресесінің түлегі Сайд Махмуд ат-Тарази (жанама аты Алтынхан төре) осы медреседе ұстаздық еткен және мешіттің алғашқы имамы осы кісі болған.
Кеңес төңкерісінен соң мешіт жабылып, мешіт қызметкерлері қудалауға түсті. Мешіт қоймаға, ат қораға, бертінде түрлі ауруханаға және жындыханаға айналдырылды.
Діни сенімге бостандық берілгеннен бастап халық мешітті өз қолдарына алды. Содан бері қарай мешіт толық өз мағынасында жұмыс істей бастады. Мешіт жанында қысқа мерзімді діни сауат ашу курсы үздіксіз жұмыс істейді.
«Әбдіқадыр» мешіті Тараз қаласындағы Абай – Көшеней көшелерінің қиылысында орналасқан, тарихи ескерткіш санатындағы ХХ ғасырдың басында 1906-1912 жылдары салынған үлкен мешіттердің бірі болып саналады. Бұл мешітті Әбдіқадыр деген кісі жеке қаржысына салдырған екен. Мешітте кезінде медресе болған. Мешітте имам болған Сайд Махмуд ат-Тарази кейіннен қудалауға түсіп, Таяу Шығыстағы Арабстан елінде жан сауғалайды. Кейін сол елде қайтыс болып жерленеді. Атейстік дәуірде мешіт түрлі шаруашылық қажеттерге пайдаланып, кейін мүлде қиратылған. 1990 жылдан бастап мемлекет мешітті өз намазхандарына қайтарып беріп, содан бері тұрақты жұмыс істеп келеді.
2002 жылы жарық көрген Жамбыл облысындағы тарихи мұралар жинағына енген.
Еліміз тәуелсіздік алған жылдары онда медресе мен кішігірім намазхана салынды.
2011 жылы қала тұрғындарының және қайырымдық қордың демеушілігімен үлкен мешіт қайта бой көтерді.
Мешітке бір мезетте 700 кісі сияды. Көлемі – 18х24 метр
"Кеңесхан қажы" мешітінің баспасөз қызметі