Студенттер білім сайысына түсті

Студенттер білім сайысына түсті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Һибатулла Тарази» медресе-колледжі директорының орынбасары Сакен Сейдикаримовтың ұйымдастыруымен 2, 3 курс студенттері арасында «Асыл дінімізді біліммен және ықыласпен тарату» атты дебат сайысы өтті.

Студенттер дебат тәртібі бойынша топтарға бөлініп, пікірлерін ортаға салды.  Қызу талқыға түскен тақырып бойынша өзекті мәселелер, салмақты ой айтылды.

Шараға "Һибатулла Тарази" медресесінің директоры Қанат Жұмағұл мен ұстаздар құрамы қатысты. 

Жеңімпаз курсқа «Адамзаттың асыл тәжі» кітабы сыйға берілді. Сондай-ақ, қатысушылардың барлығына заттай сыйлық таратылды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: