Қасиетті Рамазан айында Әйел-қыздар секторы ерекше сайыс ұйымдастырды. Аудандық мешіттің ұстазы Эльмира Есімқараеваның ұйытқы болуымен "Рамазан - отбасы айы" жарысына жамағат ішінен анасы мен қыздары қатысты.
Сайыс шарты бойынша қатысушылар "Исламдағы бала тәрбиесі" атты кітапты оқып, сұрақ-жауап сынына түсіп, білімімен жүзден жүйрік шығуға тиісті.
Арнайы қазылар алқасының бағалауымен 1-орынды "Фатима" тобы қанжығасына байлап, 10 000 теңге қаржылай сыйлықпен марапатталса, 2-орынды "Ықылас" тобы жеңіп алып, сыйға 7000 теңге алды. Ал 3 орын "Фаляқ"тобына бұйырды.
Исі мұсылманның ең ұлық мерекесі өз сезімін берсін, пайдалы істе жарысайық деген мақсатта іске асырылған бұл шара көпшілікке қуаныш, сергектік, Рамазан айына деген махаббатты сыйлады.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі