РАНТ мүшесі, Алматы қаласы "Вайнак" мешітінің наиб имамы Нұрмұхамет Именов Сортөбе ауылы "Сортөбе" мешітінде жат ағымдардың алдын алу, дұрыс сенім қалыптастыру мақсатында насихат жүргізді.
Жат ағым бағытын ұстанушылардың сенімі, сипаттары қандай, олардың қоғамға әкеліп жатқан зияны сөз болып, жамағаттың сұрақтарына жауаптар берілді.
"Бейбітшілік пен мейірімділікті мақсат ететін, хәкім Абайша айтқанда, адамзаттың барлығын бауырым деп сүюге шақыратын Ислам діні қоғамның тұтастығына, елдің бірлігіне сызат түсіруші кез келген адами құндылыққа сай келмейтін құбылыстарға түбегейлі қарсы. Исламның атын желеу етіп, ой-санасы қалыптасып, көзқарасы тұрақтап үлгермеген азаматтарды жолдан тайдырып, еліміздің ішкі тұрақтылығына қауіп төндіру – келешегімізге қол салғысы, тұнығымызды ластағысы келетін қара ойлы қылмыскерлердің ғана қолынан келсе керек, - деп баса айтты маман.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі