#Қордай: Масаншы жамағаты РАНТ мүшесімен жүздесті

#Қордай: Масаншы жамағаты РАНТ мүшесімен жүздесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

РАНТ мүшесі, Алматы қаласы "Вайнак" мешітінің наиб имамы Нұрмұхамет Именовтің қатысуымен Масаншы ауылы "Мұхаммед Биенқұл" мешітінде ауызбіршілік ынтымақ, бауырмашылдық жайында уағыз жүргізілді.

Жамағатпен кездескен білікті маман ислам дінінде бейбітшілікке қатысты айтылған ғибратты оқиғаларды, хадистерді тілге тиек етті.

Көпшілік көкейкесті сауалдарын қойып, дәйекті жауаптарын алды.

"Пайғамбарымыз Мухаммед (с.ғ.с.) өз үмметн ынтымақта, ауызбірлікке шақырып, араға іріткі салушы бірлікті бұзатын әрекеттерден тыйды.  Хадисінде: «Сіздер бір кемеге мініп жолға шыққан жолаушы сияқтысыздар. Араларыңыздағы біреу қолына балта алып кемені шаба бастаса, егер сіздер оны тоқтатпасаңыздар барлықтарыңыз суға батасыздар, тоқтатсаңыздар барлықтарыңыз аман қаласыздар»-деп ауызбірліктің маңыздылығын ескерткен болатын. Осы хадис бізге қоғамда өмір сүріп жатқан әрбір адам бір-бірінің тыныштық пен ынтымақтықта өмір сүруі үшін жауапты екендігін ұғындырады. Сондай-ақ еліміздің әрбір азаматы өздері және келешек ұрпақтың бақытты, тыныштық пен ынтымақтықта өмір сүруі үшін өз үлесін қосуы қажет. Сондықтан қазірден бастап ел болашағын ойлап қолдан келгенше ізгі амал жасау қажет. Қазіргі таңда әлемде көптеген адамдар мұсылмандар туралы теріс пікірде. Ал, теріс пиғылды адамдар Ислам атын жамылып өз ойларын жүзеге асыруда. Ислам – таза және ізгі дін. Біз осыны өз мысалымызбен, өмірімізбен және өз бірлігімізбен дәлелдеп, барлығына көрсетуіміз керек, - деп атап өтті имам.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: