ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Гүлжан Серікқызы Jambyl телерадиосында сұқбат берді.
Күллі мұсылман жұртшылығы асыға күткен айлардың сұлтаны қасиетті Рамазанның қадір-қасиеті, артықшылықтары жайлы көркем әңгіме, сүбелі сөз қозғалған эфир "Қош келдің, Рамазан!" тақырыбын өзіне арқау етті.
Радио тілшісі Лаура Бораштегімен өткен әуетолқынындағы сұқбат барысында тыңдарман қауым хабарласып, білікті ұстазға өз сауалдарын жолдады. Сонымен қатар ұстаз тарапынан сауабы мол маусымды тиімді өткізуге қатысты кеңестер берілді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі