Қасиетті Рамазан айында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы Әйел-қыздар секторының хатым, дәріс, насихат жұмыстары эпидахуалға байланысты онлайн түрде әлеуметтік желілерді жүргізілуде.
Осындай игі бастаманың бірі "30 күнге - 30 уағыз" бағдарламасы. Бүгінде Жамбыл облысының ұстаздары "Рамазан айының қасиеті", "Кісі ақысы", "Ғайбат, өсек", "Әйелдің рухани дамуы" сынды тақырыптарда тікелей эфирде уағыз айтып үлгерді.
Айта кетейік, cектордың @aiel.kyzdar_sektory.jambyl инстаграм парақшасында күнделікті 15.00 - де уағыз жүргізілсе, осы 15 күн ішінде Құран хатымы жасалмақ.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі