Ораза тұтқан кісіге бір құрма немесе бір кесе сүт берген адам да ауызашар бергендей сауапқа ие болады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):«Кімде-кім Рамазанда ораза тұтқан кісіге ауызашар берсе, күнәлары кешіріледі. Ораза тұтқан кісінің сауабына тең сауап бұған да беріледі» дегенде, сахабалардың біреуі бір адамға да ауызашар беретін мүмкіндігі жоқтығын айтты. Оларға жауап ретінде: «Бір құрмамен ауызашар берген адамға да, тек сумен ғана ауыз аштырған адамға да, аздаған сүт берген адамға да бұл сауап жазылады», – деп жауап береді (Бәйһақи).
Осы хадисті басшылыққа алған Т. Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінің қызметкері Медербек Арайлым ұстаз отбасымен бірігіп, ауызашар қоржындарын таратты.
Ауызашар қоржындарын ораза ұстаған 60 адамға берді. Ұстазымыздың қасиетті айда жасаған ізгі амалдарын Алла қабыл етіп, сауаптарын арттырып берсін!
Т.Рысқұлов аудандық мешітінің баспасөз қызметі