Жәбірейіл алейһиссалам ақыл, ұят және иманды Адам алейһиссаламға әкеліп былай деді:
–Ей, адам! Аллаһу Тағала саған сәлемін айтты. Алып келген мына үш сыйлықтың бірін қабыл алуыңды бұйырды.
Адам алейһиссалам:
–Әкелген бұл үш сыйлықтың ішінен ақылды қабыл алдым.
Жәбірейіл алейһиссалам иман мен ұятқа қарап:
–Сендер бара берсеңдер болады, – дейді.
Сонда иман оған:
–Аллаһу Тағала маған ақыл қайда қалса, сен де сонда қал деп бұйырған. Сондықтан мен ақылдан айырылып кете алмаймын!
Ұят та:
–Аллаһу Тағала маған да дәл солай бұйырған. Мен де ақылдан айырылып кете алмаймын!
Аллаһу Тағала кімге ақыл берсе, ұятпенен иман онымен бірге болады. Ақылы болмаған адамның ұяты да, иманы да болмайды.