#Қордай: Имамдарға "Жаназа рәсімдері" кітабы түсіндірілді

#Қордай: Имамдарға "Жаназа рәсімдері" кітабы түсіндірілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының имамдарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жаназа рәсімдері кітабының пәтуәларын облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Бақтияр Амиреев пен ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлы таныстырды. 

Шарада жаназа рәсімдеріне қатысты мәселелер талқыланып, кітаптың жалпы мазмұны түсіндірілді. «Кітапта жаназаға қатысты үкімдер топтастырылды. Қайтыс болған кісіні жерлеу, құдайы ас пен садақа берудің әдебі жан-жақты қамтылды», - дейді Бақтияр Амиреев. 

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: