Қордай аудандық мешітінде 100 адамға ауызашар таратылды. Аталған шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт қажы Мырзагелдиев қатысып қайтты.
Ораза тұртқан жандарға ыстық тамақ, сусын, құрма мен тәтті салынған қоржындар үлестіріліп, сонымен қатар 10 адамға "Ақниет" кафесінен ауыз ашуға тегін талон берілді.
Ауданның бас имамы Асқар Зәкіржанұлының айтуынша, аталған тегін талон күнделікті 10 адамға беріліп отырады.
«Расулулла (ﷺ) айтады: «Оразашыны тамақтандырған ораза ұстағанның сауабын алады. Әрi бұл ораза ұстаушының сауабы кемiтiлмейдi». Осы игі өсиетке амал етіп отырған дәмхана иелеріне дін мамандары алғыс айттып, Рамазан айымен құттықады.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі