Бүгін ауданға арнайы барған ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев пен Асқар Зәкіржанұлы Қордай мүгедек балаларды оңалту орталығын зиярат етіп қайтты.
Бүлдіршіндердің хал-ахуалын көріп, тәрбиешілерімен тілдесті. Облыс бас имамы халі мүшкіл адамға қараудың сауабы жөнінде тілге тиек етіп, мекеме қызметкерлеріне алғыс білдірді.
Дін мамандары мешіт атынан оңалту орталығына қаржылай көмек табыстап, балапандарға денсаулық тілеп, қызметкерлерді рамазан айымен құттықтады.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі