Смайыл Сейітбеков медресе түлектерімен сұқбаттасты

Смайыл Сейітбеков медресе түлектерімен сұқбаттасты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейітбеков Тараз қаласындағы «Һибатулла Тарази» медресе-колледжі ұйымдастырған жиынға қатысты.

Онлайн жүздесуге оқу орнының директоры Қанат Жұмағұл, орынбасары Сәкен Сейдікаримов пен 3 курс студенттері қатысты. Жиында оқу бітірген шәкірттердің диплом алғаннан кейінгі мақсаты сөз болды.

Айта кетейік, биыл оқуды тәмәмдағалы отырған 7 түлек имамдық, ұстаздық қызмет бастауға ниетті болса, 8 студент ЖОО орнында білімін жалғастырмақ.

Кездесуде исламтанушы-ғалым Смайыл Сүйерқұлұлы медресе-колледжін биыл бітіретін түлектерді дінге қызмет етуге шақырды. Жастарға өз ақыл-кеңесін айтып, толағай табыс тілеп ақ батасын берді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: