Қасиетті рамазан айында жақсылықта жарысушы "Һибатулла Тарази" мешітінің шәкірт жастары 120 адамға ауызашар қоржындарын таратты.
Мешіттің наиб имамы Нұралы Бақытұлының ұйытқы болуымен жамағат Тараз қаласындағы жатақханаларға, медресеге, орталық мешітке және қалалық "Кеңесхан қажы" мешітіне барып, ауыз бекіткен жандарға ыстық тағам, сусын, тәттілерін табыстады.
«Ораза ұстағанды тамақ-тандырған, ораза ұстағанның сауабындай сауап алады, әрі ораза ұстаушының сауабы кемітілмейді» дейді хадисте. Игі істе бас қосқан жастарға тұрғындар шын жүректен алғыстарын білдірді.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі